Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелерінің атауы жазылған маңдайшалар латын әліпбиіне көшірілді

Zakon.kz
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуіне байланысты Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің атауы жазылған маңдайшалар өзгерді.

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуіне байланысты Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің атауы жазылған маңдайшалар өзгерді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығына қолдау көрсету мақсатында бүгін Ақтау, Жаңаөзен қаласы, облыс пен 5 аудан әкімдігі және Ақтау қалалық мәслихатының маңдайшалары кириллицадан латын жазуына ауыстырылды.

Айта кетейік, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта¬ның, ком¬муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру процесінің ерекше¬лік¬теріне байланысты» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 27-қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алфавитті кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Үкіметке қазақ әліпбиін латын тіліне көшіру жөніндегі ұлттық комиссияны құру және 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру тапсырмасы жүктелді.


Фоторепортажи

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов