Наркодиспансерде 29 жастағы жігітті ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Zakon.kz
Үкім заңды күшіне енген кезде айыпталушылар сегіз жылға бас бостандығынан айырылады.
Полиция қызметкері мен медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлеріне сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Астанадағы №2 Алматы аудандық сотының залынан.

Ішкі істер департаменті патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабеков он жылға, фельдшер Саят Сатын мен мекеменің санитарлары – Фархат Қамбетов, Сұңғат Темірғалиев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар ҚР ҚК 106- бабы 3-бөлімінде (байқаусызда зардап шегушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды, сондай-ақ Мырзабеков ҚР ҚК 362- бабы 4-бөлімі 1, 2-тармақтары (билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Құдайым-ай, олар әскерге жұмыс істеймін деп барды ғой. Жастарға жұмыс болса, санитар болып баратын ба еді… Не үшін, Алла тағала», — деді сотталушылардың бірінің анасы сот үкімі шыққаннан кейін.

Фото: Sputniknews.kz
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч