Астанада аялдамаға балағат сөз жазып кеткен ер адам жазаланды

Zakon.kz
Сот Гайсинді үш жарым жылға бостандығынан айырды.
Аялдамада бағдар схемасы көрсетілген плакатқа балағат сөз жазып кеткен ер адамға үш жарым жылға бас бостандығынан айыру және маскүнемдіктен емделу үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Zakon.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақтарды итше қыру керек" деген сөздерді ер адам Астанадағы Жеңіс даңғылы бойындағы аялдамада бағдарлар схемасы көрсетілген баннерге жазып кеткен.

Айыптауға сәйкес, Гайсин ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігінде қарастырылған ұлтаралық алауыздықты тудыруға бағытталған қасақана әрекет жасады. Сотталушы кінәсін толықтай мойындаған.

Сот Гайсинді үш жарым жылға бостандығынан айырып, маскүнемдіктен емделуді тағайындады.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Казахстанка разозлилась на объявления КСК и отсудила компенсацию

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

"Чемпионы отдыхают": Михаил Шайдоров засветился с девушкой на Мальдивах

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление