Түркістан облысында “өлкетану" оқулығының таныстырылымы өтті

Пресс-служба аппарата акима ЮКО
Оқулық “Өлкетану” және “Краеведение” деген атпен екі тілде жазылған.

Түркістан қаласында орта мектептердің 5-7 сыныптарына арналған "Өлкетану" оқулығының таныстырылымы өтті. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Елбасының " Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кітап облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен шығарылған. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың айтуынша, бұл оқулық оқушылар үшін өте пайдалы. Себебі, оқулықта өңір тарихы мен географиясы, мәдениеті мен әдебиеті толық қамтылған. Алдағы уақытта бұл кітап облыс мектептеріне жеткілікті деңгейде баспадан шығарылады.

Бұл оқулықты Өмір Шыныбекұлы, Бибайша Бейсетаева, Күлімхан Сейілбекова, Жанар Ширманова сынды білікті мұғалімдер құрастырған.

Оқулық “Өлкетану” және “Краеведение” деген атпен екі тілде жазылған. Қазір кітап мемлекеттік сараптамадан өтіп, баспаға жіберуге дайын тұр.

Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық ұйымдастырған жиында ұстаздар мен сарапшылар "Өлкетану" оқулығының маңыздылығына тоқталып, жаңа пәнді оқыту бойынша пікір алмасты.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дастан Сатпаев одержал первую и разгромную победу в составе "Бернли"

Главный тренер "Бернли" огласил решение по Сатпаеву после первой победы в сезоне

Мужчина заработал 58 млн тенге за лето, просто вытаскивая рыбу из реки

Мощные удары изуродовали часть полного людей самолета на высоте 5200 метров

Криштиану Роналду отстранен от игр сборной Португалии по футболу