Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.03.2017 19:08 Фото: zakon.kz

Мақашев Абай Қалымтайұлы

Қарағанды облысының

Қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының аға сот приставы

 

Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу

 

Мемлекеттіліктің басты белгісінің бірі және бірегейі-мемлекеттік тіл болса, ал оның тағдыры жеке адамдар, топтар шешетін жай шаруа емес. Мемлекеттік тілдің аясын кеңіту, тұтынуын тереңдету сияқты ой-пікірлер, үгіт-насихаттар бүгінгі күні аз айтылып жатқан жоқ. Дегенмен де осы мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту заңдылық тұрғысынан қалай орындалуда, мемлекеттің тілге байланысты заңдардың сақталу және орындалуы қай деңгейде. Міне, бүгінгі күннің негізгі тақырыбы осы болуға тиіс.

1989 жылы Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін көтеруге талпыныс жасалып, «Тіл туралы» заң қабылданды. Бұл заңның ең басты жетістігі - қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, оны қорғау заңдастырылды.

1990 жылдардың басында үлкен тарихи өзгерістер болып, еліміз тәуелсіздік алды.Қазақстан Республикасында 1997 жылы «Тілдер туралы» заң қайта қабылданды.

Тіл туралы заңда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп танып, оны мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iciн жүргізу және ic қағаздарын жүргізу тілі болып табылады деп жарияладық. Осы тіл туралы заңнан ертерек қабылданған Қазақстан Респбликасының Конституциясының 7 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Респбликасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп танылды да, осы баптың екінші тармағында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілі мен тең қолданылады-деп көрсетілді. Осындағы ресми деген сөз біраз уақытқа дейін мамандардың арасында пікір-талас тудырып келді. Сол кездегі жағдайларға тереңінен үңілсек, қазақ халқының санын еске алсақ, бұл сөздің қолданылуы елдің бірлігін, қазақтың елдігін сақтап қалудың және дайын білікті мамандардан айырылмаудың негізгі шарты болды.Егер заңның мәтініне зер салып қарасақ, мемлекетімізде сот ici мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік тілмен бірге орыс және басқа тілдер қолданылуы мүмкін. Онда да қажет болған жағдайда ғана. Заңның басты қасиеті оның басқа нормативтік актілерден жоғары екендігінде және қалай оқылса солай қолданылуға жататындығында. Сот iciн мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды. Сондықтан да біз, ешқандай бұқпантайламай-ақ Қазақстанда сот iciн жүргізу тілі қазақ тілі деп анық айтуымыз керек. Қазіргі таңда, мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі және басқа тілдер қолданылады деген сөйлем бастапқы мағынасындағыдай рөл атқармайды. Себебі демографиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлтың саны неғұрлым көтерілгенін, қоғымымызда қазақ тілді білікті мамандарымыздың жеткілікті екенін мақтанышпен айта аламыз.

Мемлекетік тілдің қолдану аясы күнен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айналуда. Бұл да бірүлкен жетістік деп білемін.

Сот саласына келетін болсақ,мемлекеттік тілдің - қазақ тілінің қолданылу аясының тар екенін көруге болады.Дәлірек айтқанда, сот iciн мемлекеттік тілде жүргізудің қазіргі жағдайы жан-жағына жалтақтап, босағадан сығалап жүрген жетім баланың кейпін танытады.

«Көш жүре келе түзеледі» демекші қазақ тілінің кәзіргі кездегі деңгейінен де жоғары болатынына сенемін. Сот жүйесінде бәріміз ic қағаздарын жазуға ғана емес, сонымен қатар сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуге байланысты үлкен жұмыстар атқаруымыз қажет.

 

 

 

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: