«Сот кабинеті» сервисі арқылы сауалнама жүргізу іске қосылды
«Сот кабинеті» сервисі арқылы сауалнама жүргізу іске қосылды
ҚР Жоғарғы Соты 2017 жылдың 4 сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу басталды.
Сауалнама жүргізудің басты мақсаттары - сот процесіне қатысушылардың сот талқылауларын ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттанушылық деңгейін зерделеу. Сауалнамада сот төрелігіне қолжетімділік, сот әдебін сақтау бойынша сұрақтармен қатар, сот процесіне қатысқан адвокат пен прокурордың қызметіне қатысты да сұрақтар қарастырылған.
Сонымен қатар, жүргізілген сауалнама арқылы жүзеге асырылып жатқан реформаларға, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың көзқарасын анықтау.
Сыртқы бағалаудың нәтижелері негізінде алынатын мәліметтер республика судьяларының VII съезінде қоғамның соттарға деген сенім деңгейін арттыру, судьялар қызметін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру бағытында қолданылатын болады.
Сауалнама арқылы соттар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу, сот сатыларының санын қысқарту, кәсібилік, судьялардың әдебі мен мінез-құлық мәдениеті, сот процестерін аудио, бейнетіркеу жүйесінің жұмысы, соттар жұмысының ашықтық деңгейі мен сапасы туралы респонденттердің пікірін білу.
Сауалнамаға қатысушылар сот кеңселерінің жұмысына, сот процесіне, судьялардың іріктелуі мен әдебіне, ақпараттық технологияларға, сот ғимараттарының жайлылығына, заңнаманы өзгертуге қатысты ұсыныстар беруге болады.
Бұған қоса, сот жұмысын жақсарту жөніндегі тың ұсыныстар да күтіледі.
Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сот процесіне қатысушылар, талап қоюшылар (өтініш берушілер); жауапкерлер, жауаптылыққа тартылатын тұлғалар, адвокаттар; прокурорлар; мемлекеттік органдардың өкілдері; сондай-ақ аталған сервиске тіркелген өзге де адамдар респондент ретінде қатыса алады. Сауалнамаға қатысу үшін олар «Сот кабинеті» сервисінде (https://office.sud.kz/index.xhtml) тіркеле алады. Бұл жоба 2014 жылы іске қосылған.
Сервисте тіркелу электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.
Ақтөбе облысының
қылмыстық істер жөінденгі
мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Дамира Садықова