Шығыс хат –хабарларын жолдау тәртібі және оны жасау

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2017 17:16 Фото: zakon.kz

 Шығыс хат -хабарларын жолдау тәртібі және оны жасау

 

 

 Аудандық және оған теңестірілген соттарда азаматтық істер бойынша шығыс хат хабарларын жасау және оны тиісті түлғаларға сондай-ақ мекемелерге жолдау қазіргі замануи ақпараттық технологияларға сәйкес 2015 жылдың екінші жарты жылдығынан қолданысқа енгізілген Төрелік ақпараттық жұйесінің негізінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаларға ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесімен жолданады, яғни сотқа шақырту қағаздары сондай-ақ сот сұраныс хаттары осы жүйемен заңды тұлғаларға электронды түрде құжат жасалып, сол арқылы тікелей заңды тұлғаларға түседі және оның жауаптары да дәл осындай жүйемен сотқа қабылданады.

Белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату да осы жүйемен жүзеге асырылады.

Шығыс хат хабарларын жасау тікелей сот отырысының хатшыларымен жасалып, сотқа шақыртылатын мемлекеттік органдар «ЭҚАБЖ» бағдарламасының қатысушылары болған жағдайда, мемлекеттік органдармен міндетті түрде хат-хабар алмасу осы бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.

Іс бойынша тараптарға жолданатын хат -хабарлар Төрелік ақпаратттық жүйесі арқылы жасалып, судьяның электорнды қолы арқылы бекітіліп, шығыс саны берілген соң, ол автоматты түрде шығыс кеңсесіне дайындалған жолдама хатымен сот актілері түсіріліп, тіркелген соң, тиісті адресаттарға пошта арқылы жолданады.

Сотта сот актілерінің уақытылы орындауға электоронды поштамен жұмыс жасау тәртібі өте қолайлы. Сонымен қатар мерзіммен есептелінетін сот актілері бойынша, мәселен, алимент өндіру, жалақыны өндіру сияқты қаралатын азаматтық істер сот актілері шыққаннан кейін заңмен реттелген мерзім ішінде жіберуі тиісті екенін анық көрсетіп отыр.

Азаматтық істер бойынша дереу орындалуға жататын сот актілері АІЖО ААЖ жүйесі негізінде тікелей сот отырысының хатшыларымен жүзеге асырылады.

Тараптарға және ұйымдарға мекемелерге сондай-ақ заңды түлғаларға жолдатантын хат хабарлар белгіленген журналы арқылы жасалады, апелляциялық сот алқасына жолданатын азаматтық істер 3-8 журналына тіркелсе, сот сараптама тағайындалған істер 3-9 журналына, жалпы тараптарға жолданатын хат хабарлар 5-21 журналына тіркеледі.

 

Астана қаласы Алматы

аудандық сотының бас маманы: А.С.Турекулова

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: