Лента новостей
0

Шығыс Қазақстанда 19 тонна балық тәркіленді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2016 16:29 Zakon.kz
Биылдың өзінде заңсыз балық аулауға қатысты 1000-нан астам дерек тіркеліп, 300 қайық пен тор тәркіленген.
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаудың тыйылатын түрі жоқ. Соңғы жылдары аймақтағы өзен-көлдер мен адам аяғы жетпес қорықтар ұдайы көктен шолып, әуеден бақыланып жүр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Осындай шара нәтижесінде таяуда орманнан ағаш кеспек болған 250 заңсыздық пен браконьерлік 750 әрекеттің жолы кесілді. Соның өзінде сұғанақтар айылын жияр емес.

Биылдың өзінде заңсыз балық аулауға қатысты 1000-нан астам дерек тіркеліп, 300 қайық пен тор тәркіленген. Мамандар браконьерлікпен күресте барлық тәсіл тиімді, - дейді.

Арман Есентаев, облыстық табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлдерінің маңызды жерлерін қамтыдық. Бұлар тыйым салынған аумақтар. Әуе арқылы бақылау нәтижесінде 19 тонна балық, 120 шақырым тор тәркіленді.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: