Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін орналастыру ережелері түсіндіру бойынша семинар өкізілді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2018 18:36 Фото: zakon.kz

 Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін орналастыру ережелері түсіндіру бойынша семинар өкізілді

 

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының Алмалы ауданының әкімшілігінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекетік Туының, Елтаңбасының және олардың бейнелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимінінің сөзін орналастыру Ережелерін түсіндіру, сонымен қоса қарастырылып жатқан Мемлекеттік Елтаңба (ҚР СТ 989-2014) ұлттық стандартына енгізілетін өзгерістер бойынша семинар-жиналыс өткізді.

Семинар жұмысына Алматы қаласының мемлекеттік органдарының, білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға 2018 жылдың 1 қарашасында енгізілетін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттары» ҚР СТ 989-2014 №1 өзгерістері туралы ақпараттар жеткізілді.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттары» ҚР СТ 989-2014 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартынының барлық мәтінінде «ҚАЗАҚСТАН» сөзі «QAZAQSTAN» латын графикасына ауысады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттары» ҚР СТ 989-2014 №1 өзгерісі әрі қарай таралымын көбейту үшін пішіндеу процессінен өтіп жатыр.

Аудиторияға слайд көрсетумен қоса ғимараттар мен үй-жайлардың ішіндегі және сыртындағы Мемлекеттік рәміздерді және олардың өлшемдерін орналастыру, сонымен қатар ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою туралы ақпараттар жеткізілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тақтайшаларына қойылатын талаптар және оларға нышандар белгілеу тәртібі, мемлекеттік рәміздердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтіндігі үшін жауаптылық пен айыппұлдар туралы айтылды.

Осындай семинарлар Алматы қаласының барлық аудандарында өткізілетін болады.

 

 

 

В городе Алматы проведен семинар по разъяснению правил размещения

Государственных символов Республики Казахстан

 

19 сентября 2018 года Департаментом комитета технического регулирования по г.Алматы на площадке Акимата Алмалинского района города Алматы проведен семинар-совещание по разъяснению Правил размещения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан и их изображений, текста Государственного Гимна Республики Казахстан, а также о вносимых изменениях в пересматриваемый национальный стандарт на Государственный Герб (СТ РК 989-2014).

В работе семинара приняли участие представители государственных органов, учреждений образования и здравоохранения г. Алматы.

В ходе семинара до участников была доведена информация о изменении №1 к СТ РК 989-2014 «Государственный Герб Республики Казахстан. Технические условия» с датой введения 1 ноября 2018 года.

Таким образом, в национальный стандарт Республики Казахстан СТ РК 989-2014 «Государственный Герб Республики Казахстан. Технические условия» внесено изменение в части написания слова «ҚАЗАҚСТАН» на латинской графике «QAZAQSTAN» по всему тексту стандарта.

В настоящее время изменение №1 к СТ РК 989-2014 «Государственный Герб Республики Казахстан. Технические условия» проходит процесс макетирования для дальнейшего тиражирования.

Подробно с показом слайдов до аудитории была доведена информация о правилах размещения Государственных символов внутри и снаружи зданий и помещений и их размерах, а также замены и уничтожения государственных символов, не соответствующих требованиям национальных стандартов.

Кроме того, озвучены требования к вывескам государственных органов и организаций и порядке размещения символики на них, ответственности и штрафах за несоответствие Государственных символов Конституционному закону РК «О государственных символах Республики Казахстан» и национальным стандартам.

Данные семинары будут проведены во всех районах города Алматы.

 

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: