«Интергаз» директорының көлігіне оқ атқан күдіктілер ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.03.2016 16:38 Zakon.kz
Барлығы да Оңтүстіктің тумалары. Арнайы операция түнгі сағат 11 шамасында болды.

Шымкентте «Интергаз» мекемесі директорының көлігіне оқ атып, қауін төндірген күдіктілер ұсталды. Оларды ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Нариманов көшесіндегі гүл сататын сауда орны маңында қолға түсірген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ұсталғандардың саны — үшеу. Бейресми мәліметтерге сәйкес, жастары 30 шамасындағы үшеу «Интергаз» компаниясы директорының көлігіне оқ атқан деп күдіктелуде. Барлығы да Оңтүстіктің тумалары. Арнайы операция түнгі сағат 11 шамасында болды.

Еске сала кетсек, көлікке оқ қаңтар айында атылған. Қас қарая «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің аумағында тұрған «KIA» автокөлігіне оқ жаудырылды. Оқ атқандар медициналық бетперде киген екеу болған. Жедел-криминалдық топ оқиға орнынан травматикалық қарудың 5 гильзасын тапты. Оқ автомобильдің артқы жағындағы терезесін және қаңқасын тесіп өткен.

Фото: otyrar.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: