Павлодар облысында психоневротикалық дертке шалдыққандар саны 15 пайызға артқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.02.2016 21:22 Zakon.kz
Павлодар облысында 2015 жылы психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұрған науқастардың саны 15 пайызға артқан

Павлодар облысында 2015 жылы психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұрған науқастардың саны 15 пайызға артқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық психоневрологиялық-наркологиялық диспансердің бас дәрігері Қахан Иманбеков мәлім етті. Ақпарат бойынша, 1-ақпанда Павлодар облысының психоневрологиялық тізімде 9763 науқас тұр.

Егер де адам хроникалық немесе созылмалы психоневрологиялық дертке шалдықса және жиі көрініс табатын ауру белгілері байқалса, психоневрологиялық диспансердің бақылауында болу керек. Мұндай науқасты дәрігерлік кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша ғана тізімге қою керек, деді Қ.Иманбеков.

Еске сала кетейік, павлодарлықтардың 10 пайызға жуығы психикалық ауруларға шалдығуға бейім. Олардың ішінде жас ерекшелік топтарына қарай белгілі бір психикалық ауытқушылық тән.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: varton.ru

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: