Қазақстан әлемдегі ауқатты елдер тізімінде Ресейден жоғары тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2016 23:34 Zakon.kz
Қазақстан Венгрия мемлекетінен кейін 50-орында тұр.

Қазақстан әлемдегі ауқатты елдер тізімінде Ресейден жоғары тұр. Мұндай рейтингті Америкалық Global Finance Magazine басылымы жариялады. Тізім Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының негізінде жасалып, оған 185 мемлекет кірді, деп жазады "Алматы" телеарнасы.

Оны жасау барысында халықтың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі, өмір сүрудің салыстырмалы құны мен елдегі инфляцияның деңгейі ескерілген. Бай мемлекеттердің көшін Катар бастады. Екінші орында - Люксембург жайғасса, үздік үштікті Сингапур түйіндеді. Ал, Қазақстан Венгрия мемлекетінен кейін 50-орында тұр. Ресей мен Латвия тиісінше 51 және 52-орынға табан тіреді.

Фото: e-history.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: