Қазақстан ЖІӨ энергия сыйымдылығы бойынша әлемде 28 орында

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2016 19:19 Zakon.kz
Елдің экономикасы ЖІӨ жоғары энергия сыйымдылығымен сипатталады, бұл тұрғыда Қазақстан АҚШ пен Канада сияқты елдердің энергия сыйымдылғы көрсеткішінен 2 есе асып түсіп, 28-ші орында тұр.

Қазақстан әлемде ЖІӨ энергия сыйымдылығы бойынша 28-ші орында, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Бюджеттік сектор мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларына инвестиция тарту» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

«Әлемдік барлық энергияның 41%-ын ғимараттар пайдаланатын болса, өндіріс 31%-ын, ал көлік әлемдік энергия ресурстарының 28 %-ын тұтынады екен. Сондықтан, осындай мәліметтерді ескеретін болсақ, энергия үнемдеу мәселесі айтарлықтай өзекті болмақ», - деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, біздің елдің экономикасы ЖІӨ жоғары энергия сыйымдылығымен сипатталады, бұл тұрғыда Қазақстан АҚШ пен Канада сияқты елдердің энергия сыйымдылғы көрсеткішінен 2 есе асып түсіп, 28-ші орында тұр.

«Біздің елімізде негізгі энергия жеткізуші көмір – бұл 55 %, табиғи газ 22 %, мұнай 19 % және гидроэлектрстанциясы 3 %», - деп атап өтті министр.

Еске сала кетейік, Астанада «Бюджеттік сектор мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларына инвестиция тарту» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр. Форум бағдарламасы бойынша сарапшылардың пікірлері тыңдалады, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық жобалар қызметінің жүзеге асуы, энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша халықаралық тәжірибесімен бөлісу мақсатында келген шетелдік сарапшылардың ой-пікірін тыңдау бағдарланған.

Фото:7kun.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: