Лента новостей
0

Жамбыл облысының жұрты улы жәндіктерден үрейленіп отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2016 17:19 Zakon.kz
Ажал құшқан азаматшаға ақхалаттылар «қанды қырым безгегі» деген диагноз қойған. Тұрғындар қатерлі дерт жаппай белең ала ма деп алаңдаулы.

Жамбыл облысы Байзақ ауданының жұрты ерте көктемде шыққан улы жәндіктерден үрейленіп отыр. Дихан ауылының тұрғынын кене шағып, қаза табуы көптің күдігін тіптен күшейткен. Ажал құшқан азаматшаға ақхалаттылар «қанды қырым безгегі» деген диагноз қойған. Тұрғындар қатерлі дерт жаппай белең ала ма деп алаңдаулы. Дихан ауылының тұрғыны сегізінші сәуір күні өзін жайсыз сезініп, аудандық ауруханаға жүгінеді. Дене қызуы көтерілген науқасты ертесі-ақ қаладағы жұқпалы ауруханаға жатқызады. Алайда жағдайы жақсармай, екі күннен соң көз жұмған. Мамандар кеселдің кенеден келгенін айтады, деп хабарлайды 31.kz.

Қара жамылған марқұмның туыстары дәрігерлердің айтқанына келіспейді. Айтуларынша қозы құйрық теруге Иринамен бірге шыққан. Егер «қанды қырым безгегі» шықса жақын қарым-қатынаста болған бізге де жұғуы бек мүмкін еді,- дейді. Алайда, камераға айтудан бас тартты. Жерлестеріміз онсыз да отбасымызды көрсе алыстан айналып қашуда,- дейді. Ал, ауылдықтар бұл улы жәндіктің нақты не екенін білмейміз деп отыр.

Қазір Дихан ауылында қора-қопсы түгел дерлік дәріленуде. Тұрғындар көк кене атап кеткен жәндіктің шыққанын жасырмайды. Айтуларынша бұл кене жылдам қозғалады. Ауылдың Тараз қаласына жақындығын ескерсек, көптің дабыл қағуы да негізсіз емес. Айта кетейік, «қанды қырым безгегінен» қаза тапқан 30 жастағы келіншек күні кеше жер қойнына табысталды. Артында екі ұлы мен жолдасы қалды. Қазір онымен қарым-қатынаста болған 31 адам бақылауда.

Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов

Фото: www.omega-kiev.ua


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: