Қырғыз Үкіметін Сооронбай Жээнбеков басқаратын болды
Zakon.kz
Жаңа Премьер-министр болып Сооронбай Жээенбеков сайланды. Ашық түрде дауыс беру кезінде тіркелген 115 депутаттың 113-і үкіметтің бағдарламалары үшін дауыс берсе, 2-еуі қарсы шықты.
Ашық түрде дауыс беру кезінде тіркелген 115 депутаттың 113-і үкіметтің бағдарламалары үшін дауыс берсе, 2-еуі қарсы шықты, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.
Жогорку Кенеш депутаттары елдің Премьер-министрін, бағдарламалар жобаларын, елдің министрлер кабинетінің құрамын бекітті.
Парламент құрылымы үшін - 115 дауыс;
Жаңа кабинет құрамы үшін - 115 дауыс.
Біздің анықтама:
Жээнбеков Сооронбай Шәріпұлы 1958 жылы 16 қарашада Ош облысы Кара-Кульджин ауданы Тельман ауылында туған.
Білімі жоғары. 1983 ж.- К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қырғыз Республикасы Үкіметінің Ош облысындағы Уәкілетті өкілі болды.
Фото:kaztv.kaztrk.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript