ОҚО-да нөсер жауынның салдарынан бірнеше ауылды су басты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2016 18:37 Zakon.kz
ТЖК өкілдері қазір Төле би, Қазығұрт, Ордабасы және Сайрам аудандарында жауын-шашын әлі де толастамағанын айтып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында тоқтаусыз жауған нөсер жауын мен суағарлардың болмауы салдарынан Төле би ауданына қарасты Леңгір қаласында және Қазығұрт ауданы Алтын төбе бағбандық қоғамында бірнеше үй-жай мен қора-қопсыны су басты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«17 сәуірде сағат 18:35 шамасында нөсер жауын салдарынан Төле би ауданының Леңгір қаласында және Қазығұрт ауданының Алтын төбе бағбандық қоғамында тұрғын үйлерді су басу қаупі туындағаны туралы хабарлама түсті. Сағат 22:00-де жаңбыр мен суағарлардың болмауынан Оңтүстік Қазақстанның Төле би ауданында 7 үйдің ауласы мен 2 қора-қопсыны, Қазығұрт ауданында 3 үйдің ауласы мен 1 уақытша баспананы су басып қалды», – дейді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, төтенше жағдай орнына ОҚО ТЖД құтқару бөлімшесінің күші жұмылдырылған. Нақтырақ айтқанда, Төле би ауданында 60 адам мен 9 техника, 3 мотопомпа, Қазығұрт ауданында 15 адам мен 3 техника, 2 мотопомпа жұмыс атқарған. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында сағат 22:30-да Қазығұрт ауданында апаттан құтқару жұмыстары аяқталған.

«Шымкенттен Төле би ауданына қосымша 20 адам мен 5 техника, 3 мотопомпа жіберілді. Оқиға орнына ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен ОҚО ТЖД бастығы Александр Путейко барды», – дейді Руслан Иманқұлов.

ТЖК өкілдері қазір Төле би, Қазығұрт, Ордабасы және Сайрам аудандарында жауын-шашын әлі де толастамағанын айтып отыр. Сол себепті Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД жанынан жедел штаб құрылып, жағдайды бақылауға алды.

Фото:tvk-uko.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: