Жауынның салдарынан ОҚО-дағы үйдің ауласын су басты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 19:10 Zakon.kz
Қошқар ата суының ағысын реттеп отыру үшін былтыр мұнда арық жүргізілген болатын. Алайда қазір одан да қайран болмай отыр.

Нөсер жауынның салдарынан Шымкентте бір үйдің ауласын су алып кетті. Қошқар ата өзенінің сағасын бойлай орналасқан Самал-3 шағынауданындағы баспананың іргесіне су кіріп, таңертеңнен тұрғындарды әбігерге салған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Коммуналдық мекеме жұмысшылары арық-атыздардағы қоқысты тазалап, судың ағысын реттеді. Арнайы техникалар жұмылдырылып, сорғылармен аула судан тазартылды. Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, былтыр орнатылған ирригациялық жүйеден қайран болмай тұр. Арықтың астынан жүргізілген қос құбырға қоқыс толып, жауынды-шашынды кезде су деңгейі көтеріліп кетеді.

Ақмарал Көлбаева 9 жылдан бері сумен арпалысып келеді. Көктемгі жауын-шашын кезінде үй іргесіндегі арықтан тасыған судан баспанасының қабырғасы тарам-тарам болып жарылып кеткен. Жыл сайын жамап-жасқап күнелтіп келе жатқан отбасының бүгін шығыны тіпті көп. Есік алдына егілген тал-дарақты су шайып, тізеден келіпті. Коммуналдық қызмет техникаcының іске кіріскеніне бірнеше сағат болса да ауладағы суды сорып тауысуы мүмкін болмапты.

Тұрғындардың шақыртуымен келген коммуналдық мекеме жұмысшылары алдымен арықты қоқыстан тазартып, су деңгейін төмендетті. Алайда, жергілікті билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, жұмысшылар бұл маңайдағы ирригациялық жүйені үнемі тазартып отыруы тиіс екен. Ал көршілердің айтуына қарағанда арық-атыздардағы қоқыстарды шығаруға тұрғындар жұмылады. Жауапты мекеме жұмысшыларының салғырттығынан және көсер жауынның салдарынан су деңгейі көтеріліп бір үйдің ауласын алып кеткен.

Қошқар ата суының ағысын реттеп отыру үшін былтыр мұнда арық жүргізілген болатын. Алайда қазір одан да қайран болмай отыр.Тұрғындардың айтуына қарағанда арықтың астына қойылған қос құбырға түрлі тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтар тұрып қалады. Бірнеше жылдан бері ағын сумен күресіп келе жатқан тұрғындар алдымен осы кедергілерді алып тастауды талап етіп отыр. Су ағысы реттелсе ешкімнен материалдық шығын сұрап, сотқа шағымданбаймыз деп отыр.

Фото: otyrar.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: