12-жылдық білім беруге көшуге байланысты мектептерде бағдарламалар саны қысқарады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 20:17 Zakon.kz
12-жылдық білім беруге көшу бағдарламасы 4 жылдың ішінде жүзеге асырылады.

ҚР-да 12-жылдық білім беруді енгізу екі негізгі мақсатты көздейді: балалар ертерек оқи бастайды және ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар саны қысқарады, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«12-жылдық білім берудің міндеті есейген балаларды мектептерде тағы бір жыл ұстау емес. Негізгі міндет ол - бірінші сыныпты 6 жастан бастау. Қазіргі таңда бізде 6-жасар балалардың жартысы мектепте отырса, жартысы - отырған жоқ. 6-жасар баланың жасы маңызды жас. Мұны ЭЫДҰ елдері бұрыннан-ақ түсінген. Егер біз бұл жасты пайдаланбайтын болсақ, әрі қарай қиын болады. Сондықтан, бірінші кезекте тұрған міндет - баланың 6 жаста мектеп партасына отыру болып отыр», - деді ол «2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» атты ОКҚ баспасөз конференциясында.

Министр айтып өткендей, 12-жылдық білім беруге көшу бағдарламасы 4 жылдың ішінде жүзеге асырылады.

«Қазіргі таңда бізде 150 мың бала (6 жастан бастап), 180 мың бала - оқымайды. Осы 6 жастан бармаған 180 мың бала үшін біз осы бағдарламаны енгізіп жатырмыз», - деп баса айтты Е.Сағадиев.

Сонымен бірге, ҚР БҒМ басшысы осыған байланысты ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар саны қысқаратынын айтып өтті.

«Егер жетекші ЖОО-дары ректорларымен сөйлесетін болсаңыздар, олардың бәрі: бірінші курс - мектепте өткенді қайталау дейді. Басқаша айтқанда, біз ЖОО-дарын 12-ші сыныпқа айналдырып жібердік. Сондақтан, бұл орын алмауы үшін ЖОО-дарында жалпы білім беретін бағдарламалар алып тасталынады. Біз осы үдірісті бастадық», - деді ол.

Мысалға, оның айтуынша «Қазақстан тарихы» пәні мектепке «оралады».

«Мектепте жалпы білім беретін пәндер, егер сол саланың маманы болмаса, аяқталуы тиіс. Сонда ЖОО-дары өзінің жеке бағдарламаларын халықаралық деңгейде дамыту үшін академиялық еркіндік алады», - деді Е.Сағадиев.

Оның айтуынша, осы екі негізгі мақсатпен 12-жылдық білім беру енгізілуде.

Фото:www.ya-mama.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: