Астанада Назарбаевтың қатысуымен ҚХА кезекті сессиясы жұмысын бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 17:23 Zakon.kz
"Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" күн тәртібімен басталған шараға 1500-ден астам адам қатысуда.

Астанада ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өз жұмысын бастады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтар" АА.

"Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" күн тәртібімен басталған шараға 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ғылыми, шығармашылық және интеллигенция өкілдері және БАҚ қатысып жатыр.

25 сәуірде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қарастырылған болатын.

Фото:newskaz.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: