Лента новостей
0

Әскери қызметшілердің балалары «7 мамыр» жазбасы бар шырақ тұтатты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.04.2016 19:00 Zakon.kz
Әскери қызметшілердің балалары Отан қорғаушылар құрметіне терезенің әйнегінен «7 мамыр» жазбасы бар шырақ тұтатты.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде маңызды мейрам – ҚР Отан қорғаушылар күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл мереке қазақстандықтардың барлық ұрпақтары, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізді қалқандай қорғаған және бүгінде Отанға адал қызмет етіп жүрген азаматтар үшін қасиетті болып табылады. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Баршаны келе жатқан мейраммен құттықтаған еліміздің ең кішкентай азаматтары, ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің балалары алғашқылардың бірі болды.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында олар ерекше акция өткізді. Елордамыздың тұрғын үй кешендерінің бірінде балалар керемет құттықтау ұйымдастырды. Кешкі қараңғыда зәулім үйлердің бірінде жарықтандырылған әйнектерден жасалған «7 МАМЫР» жазбасы пайда болды.

«Осынау флешмобты өткізу идеясы кенеттен туындады, - дейді ұйымдастырушылар. Біз айрықша құттықтайық деп шештік. Сол үшін осындай терезелік жарқырату арқылы назарды аудартқымыз келді».


Ұйымдастырушылардың пікірінше, акция патриоттық сезімді, серіктік рух пен бірлікті білдіруге ықпал етіп, барша қазақстандықтарды мұндай акцияларды өз үйлерінде өткізуге, терезенің әйнегінде шырақ жағып, Отан қорғаушыларымызға айрықша сыйлық жасауға шақырады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: