Астанада «Әскер есірткіге қарсы, біз есірткіге қарсымыз!» атты акция өтеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 18:27 Zakon.kz
6 мамырда сағат 19:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағында «Отан қорғаушылар күнін» мерекелеу қарсаңында «Әскер есірткіге қарсы, біз есірткіге қарсымыз!» акциясы өткізіледі

Қазақстанда, Астанада нашақорлық, көбінесе, жастар арасында орын алуда. Әскерге шақырылатын контингент те, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлер де осы ортадан қалыптастырылады. Осылайша, нашақорлықтың таралуы еліміздің қорғаныс қабілеттілігіне теріс ықпал етуі мүмкін.

Есірткіні асыра пайдалану ауқымы әлеуметтік-экономикалық даму мен ұлттық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіруде. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАЕАК деректері бойынша 2015 жылы есірткіні медициналық емес тұтынуға жол берген адамдардың саны 31 049 адамды құрады, олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар – 2 499 адам, қалғандары ер адамдар – 28 850 адам, бұл ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау органдарының көзіне ресми түрде іліккен адамдар.

Әскер – бұл жас адамдардың қалыптасу мектебі, әскер ешқашан қоғамнан бөлек болған емес, тиісінше, «азаматтық» өмірдің барлық осал тұстары әскери ортада байқалып жатады.

Әдетте, 14 пен 27 жас арасындағы жас адамдар нашақор болып жатады, яғни әскерге шақырылар алдындағы және әскерден кейінгі жастағы адамдар. Мұндай адамдардың әскер казармаларына келуі қандай салдарға әкеп соғатыны туралы айту қажет пе? Әскердегі нашақор – бұл апаттар мен катастрофалардың, қару-жарақтың істен шығуының, қызметтестердің қаза болуының себебі. Есірткі мен әскери қызметші – негізінен алғанда үйлеспейтін ұғым.

7 Мамыр ‒ Отан қорғаушылар күні – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы. Бұл күн Отанды тек әскери іс-әрекеттерден ғана емес, сонымен қатар қоғамның, елдің басқа да «жауларынан», нашақорлық сияқты құбылыстардан қорғауды білдіреді.

Ұлы Отан соғысы кезінде, интернационалдық борышын атқару кезінде Қазақстанның әскери қызметшілері, Отанды қорғай отырып, өз балалары мен немерелерінің ашық және жарқын болашағы үшін танктер астына түскен. Біз, сол ерлердің немерелері мен шөберелері, Астана жастарының осының бәрін ұмытып, өздерінің қымбат өмірін бірнеше грамм есірткіге, бөтен біреудің табысы үшін жұмсағанын қаламаймыз.

Біз, Отанымыздың болашақ қорғаушылары, біздерге өз ауданымызда, өз қаламызда, өз елімізде есірткі ұсынғандарға қарсымыз.

Біздің достарымыздың, сыныптастарымыздың, курстастарымыздың өз ата-аналарының ақшасын беріп, есірткі дилерлерінің бизнесіне ықпал еткеніне, мемлекетке қарсы жасырын күресушілерге, біз тұратын, әскерде қызмет өткеріп, Отан алдындағы борышымызды өтеуді, еліміздің қорғаушысы болуды, мамандық, жұмыс алуды, отбасын құрып, туғандарымызға немере сыйлауды, тегімізді жалғастыруды жоспарлап отырған қалаға, ауданға қарсы күрескендерге қарсымыз.

Біз есірткі бизнесі жүргізіп жатқан соғысқа қарсымыз, біз Отанымызды қорғаушыларды қолдаймыз, өйткені олар ішкі істер органдарымен бірлесіп, қай жерде қызмет өткеріп жүрсе де, есірткінің заңсыз айналымын жоюға ықпал етуде.

2016 жылғы 6 мамырда сағат 19:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағында «Отан қорғаушылар күнін» мерекелеу қарсаңында «Әскер есірткіге қарсы, біз есірткіге қарсымыз!» акциясы өткізіледі, сондай-ақ Алматы ауданының әскерге шақырылатын жастағы азаматтарын мерзімді қызметке шығарып саламыз.

Іс-шараға жастар, «Шанс» ӘПКО-ның кәмелетке толмаған балалары, «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің оқушылары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазЭҚжХСУ студенттері қатысады.

Акцияның мақсаты ‒ жас ұрпақта есірткіні жек көрушілікті қалыптастыру, өз Отанына, оның тарихына, өз туғандары ‒ әскери қызметшілерге, өз туыстары ‒ кәсіби әскерилерге, Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстарына патриоттық және мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

«Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың», Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығының қолдауымен «Право» ҚҚ акцияны ұйымдастырушы болып табылады.

Фото:360tv.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: