Ақмола облысында дала өртіне кінәлілер ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 23:10 Zakon.kz
ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Өрт шығу қаупі қатар жүретін кезеңнің келіп жетуіне байланысты Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында орман және дала алқаптарын рұқсатсыз өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтау жөнінен рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Рейд нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті рұқсатсыз өртеудің 3 дерегі анықталды. 2016 жылғы 27 сәуірде Қарамыс ауыл округі Шұбарағаш елді мекенінде өрттің шығуына себепкер болған Макинка қаласының тұрғыны қолға түсті. Тергеуге сәйкес, оның өрт қауіпсіздігін ережесін бұзуынан 10 га жер өртеніп кеткен.

Айыптыға қатысты ҚР Азаматтық құқық бұзушылық туралы Кодекстің 1-бөлімі 410-бабы бойынша хаттама толтырылды. 2016 жылғы 1 мамырда Бурабай ауданы Кенесары ауыл округіндегі шаруашылық қожалығының басшысы 1,5 га жерді қызыл жалынның шарпуына себепкер болғаны анықталды. Айыптыға қатысты ҚР Азаматтық құқық бұзушылық туралы Кодекстің 1-бөлімі 410-бабы бойынша хаттама толтырылды.

2016 жылғы 1 мамырда Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы маңында «Зеренді-Астық» ЖШС-нің өткен жылы орақ түскен алқабының 2 га жері өртенді. Осы оқиғаға байланысты аталған серіктестіктің механизаторы М. атты азамат ұсталды. Айыптыға қатысты ҚР Азаматтық құқық бұзушылық туралы Кодекстің 1-бөлімі 410-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Г.Абилова

Фото:24.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: