Чехия аумағында ҰОС кезінде мерт болған қазақстандық жауынгерлердің сүйектері анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2016 19:25 Zakon.kz
Жақында Прагадан 300 шақырым жерде, яғни Австрия жағындағы аумақта қазақстандық жауынгерлердің сүйектері табылғандығы туралы ақпарат түскен.

Чехия аумағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері табылды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы 9 мамырдағы мереке аясында біз чех үкіметімен, ТМД елдері елшіліктерімен бірлесе Прагадағы Ольшан бейітінде гүлдестелер қоямыз. Ол жерде Қазақстанның бес жауынгері жерленген, оның ішінде біреуі Кеңес Одағының Батыры»,-деп тоқталды Елші.

Оның сөзіне қарағанда, жақында Прагадан 300 шақырым жерде, яғни Австрия жағындағы аумақта қазақстандық жауынгерлердің сүйектері табылғандығы туралы ақпарат түскен.

«Олар біздің өтінішіміз бойынша барлық қажетті ақпаратты жинастырып жатыр. 14 мамырда сол жерге баруды жоспарлап отырмын. Атап айтқанда, сол жердегі естелік шараларына қатысатын боламын. Анықталған деректердің барлығын ҚР Қорғаныс министрлігіне бағыттаймыз. Осы ретте ел азаматтарының сол жердегі туысқандарын, әкелерін, аталарын тауып алуы үшін мүмкіндік жасалады»,-деді С. Әбдікәрімов.

Руслан Ғаббасов

Фото:e-kyzylorda.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: