Қазақстан мен Сауд Арабиясы азаматтары үшін қосарланған салық салу алынып тасталуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2016 20:42 Zakon.kz
Екі елдің құзіретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтық жалтарулардың алдын алу бойынша мәселелер шешіледі.

Сәйкес конвенцияны ратификациялау аясында Қазақстан мен Сауд Арабия азаматтары үшін қосарланған салық салуды қолдануды алып тастау жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

«ҚР Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салуға жол бермеу туралы конвенцияны және оған хаттаманы ратификациялау» біріншіден келісіп жатқан мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды алып тастауға мүмкіндік береді», - деді Б.Сұлтанов.

Министр нақтылағандай, салық төлеушіге салықты келіскен мемлекеттердің біреуінде ғана бір-ақ рет төлеуге мүмкіндік береді. Ал, екінші мемлекет оған салықтың төленген сомасына есептеу береді.

Бұдан өзге, оның айтуынша, конвенцияны ратификациялау инвестиция салуға қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық ынтымақтастыты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, екі елдің құзіретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтық жалтарулардың алдын алу бойынша мәселелер шешіледі.

«Конвенцияның жеке бөлімінде келісіп жатқан мемлекеттерде қызмет ететін спортшылардың, мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің табыстары мен өзге де төлемдеріне салық салу тәртібі көрсетіледі», - деп мәлімдеді ол.

Ведомство басшысының мәліметінше, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымы соңғы 10 жылда 268 млн долларды құраған. Ал 2015 жылы бұл 16 млн долларды құрады. Қара металлдан жасалған бұйымдар, тазартылған мыс және темір қоспалары еліміздің экспортының негізгі бағыттары болып табылады. Ал импорт құрылымында дәрілік заттар мен басқа да бұйымдар басымдыққа ие. Соңғы 10 жылда Сауд Арабиясынан Қазақстанға инвестиция 94 млн долларды құраған, оның ішінде былтырғы жылы 8 млн АҚШ долларды құрады.

Фото:ortcom.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: