Қазығұрт ауданында 22 елдімекенде ауыз су жоқ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 23:52 Zakon.kz
Ауданда жол, су, табиғи газ мәселелері әлі күнге шешімін таппаған. Сондықтан жергілікті билік өкілдері биыл коммуналдық сала мен инфрақұрылымға басымдық береміз деп құлшынып отыр.

Қазығұрт ауданында 22 елдімекеннің халқы ауыз сусыз отыр. Оның ішінде үш ауылдың халқы әлі күнге бұлақ суымен күнелтіп келеді. 19 ауылға күні бүгінге дейін су құбыры тартылмаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұл туралы аудан әкімі Төлеген Телқараевтың есептік жиынында айтылды. Әкім орынтағына жайғасқанына бір айдан енді асқан шенеунік жуырда аудандағы бірқатар елдімекендерді аралап көрген.

Айтуынша, ауданда жол, су, табиғи газ мәселелері әлі күнге шешімін таппаған. Сондықтан жергілікті билік өкілдері биыл коммуналдық сала мен инфрақұрылымға басымдық береміз деп құлшынып отыр.

Айта кетейік, ауданда бүгінде 64 елдімекеннің 42-сіне ғана су құбыры тартылыпты. Оның ішінде 16 ауылға тіршілік нәрі тұрақты берілсе, қалғанына сағатпен беріледі. Бұдан бөлек 19 елдімекенге су құбыры тартылмаған. Үш елдімекендегі жұртшылық әлі күнге бұлақ суымен күнеліп отыр. Ауданды газдандыру жұмыстары да тым баяу. Қазығұрттықтардың небәрі 34 пайызы ғана табиғи газды пайдаланады. Келер жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 69 пайызға жеткізу көзделген. Ал киелі өңірдің толықтай көгілдір отынмен қамтылатын күнді әкім мырзаның өзі дөп басып айта алмайды.

Фото:24.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: