Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.09.2016 22:02 Zakon.kz
Жергілікті халық өткелді қолдан істеп, алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өткелдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Үш мыңнан астам халқы бар елді мекендерде бұрын-соңды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істеп, алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді. Сондықтан халықтың қарасы айналма жолмен жүріп, діттеген жеріне бірнеше сағат бұрын шығуларына тура келетін. Бұл жайт әсіресе, мектеп жасындағы балалар мен қарияларға қиынға түсетін.

Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қаралыпты. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.

Көптен күткен көпірге халық дән риза, әсіресе үлкендер қатары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: