Әскери ұшқыштар алғаш рет түнгі уақытта сыртқы ілмекте жүкпен ұшуларды орындады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.05.2016 22:31 Zakon.kz
Ұшу құрамынан басқа мұндай ұшуларды қамтамасыз етуде эскадрильяның инженерлік-авиациялық қызметі, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету, парашюттік-десанттық қызметтің жеке құрамы мол тәжірибе жинақтады.

ҚР Әскери-әуе күштері армиялық авиациясының ұшқыштары 19132 әскери бөлімінің базасында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК тарихында алғаш рет түнгі уақытта сыртқы аспада жүкпен ұшуларды орындады. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш ұшулардың негізгі мақсаты «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін қамтамасыз ету мен өткізуге ұшу экипаждарын дайындау болып табылады. Түнгі мезгілде сыртқы ілмекте жүкпен ұшуларды орындау түнде «БЕМБИ» су ағызатын құрылғымен өрт сөндіруге ұшуларға ұшу құрамын дайындауда аралық буын болып табылады.

Күндізгімен салыстырғанда түнгі жағдайдағы ұшулардың бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың ішінде жер бетінің нашар жарықтандырылуы, бағдарлардың көрінуінің нашарлауы, жасанды жарықтандыру кезінде бағдарлардың көрінетін конфигурациясының шынайыға сәйкес келмеуі, жарық беретін бағдарларға дейін (адам көзі құрылысының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты) қашықтықты көз мөлшермен анықтауда елеулі ағаттықтардың пайда болуы, ұшудың навигациялық элементтерін айқындау дәлдігінің төмендеуі және көкжиек қалпының сызығын анықтау нақтылығының төмендеуі.

Сыртқы ілмекте жүкпен ұшу кезінде электр беріліс тораптары, ағаштар және т.б. сияқты жасанды кедергілерді ескеру қажет. Өткізілген оқу-жаттықтыру ұшулары барысында бірқатар ұшқыш баға жетпес тәжірибе жинақтап, түнде сыртқы ілмекте жүкпен ұшуға рұқсат алды. Атап айтсақ, ол ұшқыш-инспектор полковник Дастан Бейсенбинов, қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы подполковник Еркін Нәкішев, армиялық авиацияның авиациялық эскадрилья командирі подполковник Ардақ Нұғыманов.

Ұшу құрамынан басқа мұндай ұшуларды қамтамасыз етуде эскадрильяның инженерлік-авиациялық қызметі, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету, парашюттік-десанттық қызметтің жеке құрамы мол тәжірибе жинақтады.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: