Мәскеу-Челябі тас жолында павлодарлық тұрғынды жүк көлігі қағып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.06.2016 18:48 Zakon.kz
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.

Ресей елінің Челябі облысына жұмыспен барған павлодарлық тұрғынды көлік қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке марқұмның туыстары хабарлады. Аталмыш фактінің орын алғанын Ресей ІІМ Челябі облысы бойынша басқарма баспасөз қызметінің қызметкері Альберт Габбазов растады.

- 1 маусым күні түнгі сағат 23.15-те Мәскеу-Челябі автожолынан 1706 шақырым жердегі Саткинск ауданында «ГАЗель» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі жолдың тыйым салынған бөлігінде өтіп бара жатқан 53 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам тілге келместен жол көлік оқиғасы орын алған жерде көз жұмды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде, - деді А. Габбазов.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: pavlodarnews.kz.


Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: