Әскери қызметшілер «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін сайысқа түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.07.2016 15:22 Zakon.kz
Былтыр қазақстандық әскери қызметшілер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның командаларынан оза шапты.

36352 әскери бөлімінің базасында «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Достастық жауынгері» достастық армиясы әскери қызметшілерінің әскери-кәсіби шеберлігінің VIII халықаралық байқауына қатысу үшін үміткерлерді іріктеу өтуде. Команданы іріктеу және дайындау үш кезеңде өтуде. Ең алдымен өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің ауқымында өткізілген байқау жеңімпаздары арасынан төрт адамнан 3 команданы таңдайды, деп жазады , ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Іріктеуден өткен үміткерлер бір ай бойы байқау бағдарламасы бойынша практикалық дайындықтан өтеді. Шешуші іріктеуден кейін бір ғана команда қалады. Сол команда «Достастық жауынгері» байқауында өнер көрсетеді. Конкурс 2016 жылғы қыркүйектің 4-і мен 10-ы аралығында Ресейдегі Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтеді. «Достастық жауынгері» – сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің сайысы. Жарыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері – ол әскери қызметшілердің дене даярлығының деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрамның жеңіске деген талпынысын, жоғары физикалық жүктемелер мен жүйке-психикалық шиеленіске төтеп беру қабілеттілігін ояту, әскери қызметшілерді жоғары кәсіби және мемлекеттік даярлыққа ынталандыру болып табылады.

Дәстүрлі түрде байқау бес кезеңнен тұрады. Онда қатысушылар өздерінің физикалық күштері мен ептіліктерін, кәсіби шеберліктерін, оқ ату даярлықтарын, сондай-ақ, әскери тарихты білу және шығармашылық дарындылықтарын көрсетуі тиіс. Былтырғы жылы «Достастық жауынгері» Қазақстанда өткен болатын. Ол кезде қазақстандық әскери қызметшілер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның командаларынан оза шапты. Байқаудың абсолютті жеңімпаздары атанып, барлық аталымдарда бірінші орынды иеленді.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: