Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.08.2016 21:14 Zakon.kz
Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында бокстан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды.

Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында бокстан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластарының есімдері белгілі болды, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

49 келі салмақта рингке шығатын Біржан Жақыпов екінші кезеңді күтетін болды. Екінші айналымда Әзірбайжан мен Намбия боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы жерлесімізге қарсылас атанады.

Олжас Сәттібаев (52 келі) алғашқы айналымда Пуэрто-Рико боксшысымен қолғап түйістіреді. Ол алғашқы айналымда қарсыласынан айласын асырса, екінші жекпе-жегінде Әлем чемпионы әзірбайжандық Эльвин Мамишзаға қарсы жұдырықтасады.

Қайрат Ерәлиевтің (56 келі) бірінші айналымдағы қарсыласы - әзірбайжандық Жавид Чалабиев. Екінші жекпе-жегінде өзбек боксшысы Муроджан Ахмадилевпен қолғап түйістіреді.

Берік Әбдірахмановтың (60 келі) бірінші қарсыласы – АҚШ боксшысы Карлос Бальдерас. Егер бірінші айналымнан сүрінбей өтсе, шаршы алаңда Жапонияның немесе Венесуэланың боксшысымен кездеседі. Ал, ширек финалда үш дүркін Әлем чемпионы кубалық Лазаро Альвареспен кездесуі мүмкін.

Абылайхан Жүсіпов (64 келі) алғашқы айналымда англиялық Пат Маккормокпен жұдырықтасады. Егер осы сыннан сүрінбей өтсе, екінші айналымда Олимпиада ойындарының жүлдегері Ясниэль Толедомен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Данияр Елеусінов (69 келі) бірден екінші айналымда Египет және Ұлыбритания боксшыларының жеңгенімен қолғап түйістіреді. Ширек және жартылай финалда Италия және Германия, Венесуэла мен Мексика боксшыларының бірімен жолығуы тиіс.

Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) бірінші айналымда ұлыбританиялық боксшы Энтони Фаулермен жұдырықтасады. Екінші айналымда Алжир және Камерун боксшылары арасындағы жеңімпазбен шаршы алаңда жолығады.

Әділбек Ниязымбетов (81 келі) ширек финалда Украина және Әзірбайжан боксшыларының бірімен жолығады.

Василий Левиттің (91 келі) екінші қарсыласы қытайлық боксшы болуы мүмкін. Ал, кубалық Эрисланди Савонмен жартылай финалда кездесуі мүмкін.

Иван Дычко (+91 келі) екінші айналымда әзірбайжандық Меджидовпен жолығуы мүмкін.

Жайна Шекербекова (51 келі) жарысты ширек финалдан бастайды. Ол жартылай финалдың жолдамасын Марокко мен Франция боксшыларының арасындағы жеңімпазбен сарапқа салады.

Дариға Шәкімова (75 келі) бірінші айналымда канадалық боксшымен кездесе, ширек финалда марокколық спортшымен қолғап түйістіреді.

Фото: kaztrk.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: