Раушан Қойшыбаева: Қазақстан спорты 25 жылдың ішінде үлкен белестерді бағындырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.12.2016 21:01 Zakon.kz
Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиада ойындарының күміс медаль иегері
Рио-де–Жайейрода өткен жазғы паралимпиада ойындарының күміс медаль иегері Раушан Қойшыбаева барша қазақ елін еліміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Пауэрлифтингпен 13 жасынан айналысатын спортшы еңселі елдің болашағы жарқын екендігіне кәміл сенеді.

"Биылғы жыл біздің еліміз үшін өте табысты жыл болды әсіресе спорт саласы үшін. Себебі 15-ші Паралимпиада ойындарына дайындалу, қатысу және жүлдемен оралу бұл жағдайы жақсы мемлекеттердің қолынан келетін ауқымды еңбек.
Рио-де-Жанейро қаласына аттанар кезде өздеріңіз білесіздер, бізді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдап ақ жол тілеп шығарып салған болатын. Сол кездесу жеке өз басыма үлкен қуат беріп, маңызды міндет жүктеді. Бұрын білесіздер ғой Паралимпиадашыларға деген көзқарас немқұрайлы болатын. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» - дегендей біздің министріміз Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтардың атсалысуымен мүгедек спортшыларға деген ықыласы артып, жұмыс өте жоғары деңгейге көтерілді. Риода жарыстың алдында әрине қатты қобалжыдым себебі артымда қалған ел үміт артып отырғанын сезесің, бапкерлердің, басшылықтың, үкіметтің жасап отырған еңбегін ақтау керек. Жарыс кезінде де сол жақта жүрген біздің делегация мүшелері де жаны қалмай қолдау көрсетті. Зүлфияның тарихтағы алғашқы алтынына барлығымыз бірге қуанып мақтанған болатынбыз. Күміс медаль жеңіп алған кезде қуанышымда шек болмады. Қазақстанды әлемге танытуға үлесімді қоса алғаным үшін өзімді бақытты спортшымын деп есептеймін. Паралимпиада ойындары аяқталып елге оралғанда, жан ұшырып, қуаныштары қойнына сыймай әуежайдан күтіп алған ағайынды көргенде көзіме жас үйірілді, ол қуаныштың жасы болатын.

Осы еңбегіміз бағаланып, біз жарысып жатқан кезде министрлік пен паралимпиада комитетінің басшылары мүмкіндігі шектеулі спортшыларға берілетін ақшалай сыйақының көлемін олимпиада ойындарының жеңімпаздарының сыйақысымен теңестіру жұмысын қолға алған екен. Енді міне аз уақыт ішінде Үкімет, министрлік және паралимпиада комитеті бұл жұмысты аяқтадық енді сіздер олимпиадашылармен бірдей сыйақы аласыздар дегенде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой, айтып жеткізе алмаймын. Бұл мен сияқты көптеген мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа тартылып, салауатты өмір салтына бет бұруына үлкен серпіліс беретін сауапты іс.

Осының бәрі біздің Тәуелсіздігіміздің арқасы деп білем. Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына біз Паралимпиадашылар қолымыздан келгенінше сыйымызды алтын және күміс медальмен, жақсы нәтижелермен жасадық. Риоға барған 11 спортшының әрқайсысы барын салып сынға түсті. Мерекеміз құтты болсын, ел мерейі үстем болып, Қазақстанның абыройы асқақтай берсін, халқымыз аман болып, құдай бізді тыныштығынан айырмасын деген тілегім бар", - Паралимпиада ойындарының күміс иегері айтты.
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: