К.Мәсімов қазақстандықтарды Олимпиададағы алғашқы медальдарымен құттықтады
![Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.08.2016 17:02](https://www.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-25/file-2a1d7c8c-de92-42a5-bf6f-03f7b08a1e51/400x226.webp)
«Рио Олимпиадасының жүлдегерлері дзюдошылар Е.Сметов пен Г.Отгонцэцэгті құттықтаймын! Алға#KAZ», – деп жазды Премьер-Министр Твиттерде. Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар екі медаль – күміс және қола жеңіп алды. Бұл туралы zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов бірінші жекпе-жекте Ливия спортшысы Алькабис Мохаммед Эльхадиді жеңді. Татамидегі британиялық Эшли Маккензимен өткен екінші жекпе-жек біздің жерлесімізге күміс медаль әкелді.
Галбадрах Отгонцэцэгтің қола медалі Олимпиада-2016 ойындарындағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды. 48 келіге дейінгі санатта өнер көрсеткен қазақстандық кубалық Дайарис Местре Альваресті жеңді.
Фото: vk.com