Оңтүстіктен тағы 25 отбасы Солтүстікке қоныс аударды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.08.2016 19:15 Zakon.kz
Шымкенттік Гауһар Балтабаева жуырда жайғасатын жерін көзбен көріп қайтты. Баспанам да, жұмыс орным да көңілімнен шықты дейді.

Бүгін облыстан 25 отбасы Солтүстікке қоныс аударды. Шымкент қаласынан және Төле би ауданынан жиналған тұрғындар Шоқан Уәлиханов ауданындағы Ақжар ауылына көшіп барады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылып, өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысатын болады, деп жазады otyrar.kz.

Шымкенттік Гауһар Балтабаева жуырда жайғасатын жерін көзбен көріп қайтты. Баспанам да, жұмыс орным да көңілімнен шықты дейді. Бірнеше жыл бойы математика пәнінен сабақ беріп келген мұғалім енді бұл жұмысын солтүстікте жалғастыратын болады.

Қоныс аударушылардың арасында жұмыссыздар мен басыбайлы баспанасы жоқ тұрғындардың қарасы көп. Алайда, барлығы да еңбекке қабылетті. Игі бастаманың басы-қасында жүрген халық қалаулылары солтүстікке ат басын бұрғандардың барлығының да баспанасы дайын деп сендіреді. Айтуларынша, оларға бір реттік мемлекеттік субсидиядан бөлек егін егетін жер де беріледі. Кәсіп бастау үшін төмен пайызбен несие де ала алады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстан 80-нен астам отбасы солтүстік өңірге көшкен. Ұйымдастырушылар ниет білдірушілердің қатары 200-ден асып жығылады дейді. Алайда, өңірде бұл мақсатқа небәрі 100 квота бөлінген.

Фото: today.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: