Шымкентте жанар-жағармай құйылған цистерна өртенді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.08.2016 21:55 Zakon.kz
Өрт сөндіру кезінде полиция қызметкерлері жақын орналасқан жеке үйлердегі 125 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Бүгін 12.53-те Шымкенттегі Қорғасын теміржол вокзалында «Бейнеу-Аса» қатынасындағы жүк пойызының жанар-жағармай құйылған 60 тонналық цистернасы аударылып, отқа оранды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Өрт сөндірушілер жақын маңда тұрған тағы бір жанар-жағармайы бар цистернаға су сеуіп, жарылып кетпеуін қадағалады. Өрт сөндіру кезінде полиция қызметкерлері жақын орналасқан жеке үйлердегі 125 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Өрт сөндірушілердің күш салуымен, жалын 13:58-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 150 адам және ОҚО өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің 15 бірлік техникасы, сонымен бірге облыстық жедел-құтқару жасағы, апатты медицина орталығы секілді бөлімшелер жұмылдырылды.

Фото: www.inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: