Шымкентте оқу-жаттығу гранатасы табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.07.2016 15:45 Zakon.kz
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер сол маңды қоршауға алып, сол аумақтағы тұрғындар мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіз жерге көшірді.

Шымкентте сот ғимараты жанынан граната табылды. Ол оқу-жаттығу құралы болып шықты, деп хабарлайды otyrar.kz, ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

25 шілде күндізгі сағат 11:30 шамасында Әл Фараби полиция бөлімінің кезекшісіне суыт хабар түсті. Қоңырау шалғандар Майлықожа көшесіндегі қоқыс жәшіктерінің бірінен полиэтилен пакетке оралған гранатаға ұқсас белгісіз зат табылғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер сол маңды қоршауға алып, сол аумақтағы тұрғындар мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіз жерге көшірді. Ал саперлердің тексеру нәтижесінде табылған заттың РГД-5 гранатасына ұқсас, оқу-жаттығу құралы екені анықталды.

Бұл жайт Әл Фараби полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 287-бабы бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

Фото: otyrar.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: