Павлодардағы құрылысы аяқталмаған түрме ғимараты сатылуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 22:06 Zakon.kz
Естеріңізге сала кетсек, түрменің құрылысы 2004 жылы басталды. Бұл шараға 3,86 миллиард теңге қаражат жұмсалған.

Павлодардағы құрылысы аяқталмаған түрме ғимараты сатылуы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Қалалық қаржы бөлімінің мәліметінше Павлодардың өндірістік бөлігінде құрылысы аяқталмай тұрған түрме ведомствоның иелігінде тұр және жылдың соңына дейін сатылатын болады.

- Ғимаратты тұрған ауласымен бірге жекеменшікке өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта нысанды мекеме иелігінен алу туралы сұрақ қарастырылып жатыр. Десе де, ғимаратты жекеменшікке өткізу немесе сенімгерлікпен басқаруға беру жайлы әкімдіктегі комиссия мүшелері шешетін болады, - деді қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлия Қажебекова.

Ғимараттың бағасы тәуелсіз бағалаудан кейін анық болады.

- Бұл ірі нысан. Сондықтан оны бағасы жайлы әлі айта алмаймын. Негізі нысан жай тұрмай, облысқа пайдасын тигізсе дейміз, - деді Әлия Қажебекова.

Естеріңізге сала кетсек, түрменің құрылысы 2004 жылы басталды. Бұл шараға 3,86 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Бөлінген ақша мекеменің құрылысын аяқтауға жеткіліксіз болды. Кейін Әділет Министрлігі 1500 өмір бойы қамауда отыратын қылмыскерге арналған түрменің облысқа қажеті жоқ деп шешіп, оны қаланың меншігіне ауыстырды.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Рavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: