Астанадағы «Жас ұлан» әскери мектебінде бір орынға 10 адам үміттеніп отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 20:05 Zakon.kz
«Жас ұлан» мектебінің көптеген бітірушілері әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсіп, Қарулы Күштерде және ҚР, Ресей Федерациясы мен өзге де елдердің әлеуетті құрылымдарында қызмет атқаруда.

Астанадағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде оқуға іріктеу жалғасуда. Әскери болғысы келетін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалар күн сайын кезең-кезеңнен өтуде. Биылғы жылы конкурстық іріктеу айтарлықтай, яғни, бір орынға 10 адам талаптанып отыр. 2016 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебіне 52 адам қабылданады. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылы 500-тен аса адам құжаттарын тапсырды. Бұл бір орынға 10 адамның үміттеніп отырғанын білдіреді», - дейді мектеп бастығының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Хамит Байкенов. Барлық оқуға түсетіндерге іріктеудің төрт кезеңінен мүдірмей өту қажет. Ол кәсіби психологиялық іріктеу, яғни, жасөспірімдер психологиялық тестілеу, сондай-ақ, логикалық ойлау бойынша тестілеу тапсырады. Екінші кезең – дене даярлығын тексеру, үшіншісі – медициналық куәландыру. Әрі қарай мандаттық комиссия және оқуға қабылдану.

Бозбалалар үшін күрделі кезеңдердің бірі дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру болды. Белтемірге тартылу, 60 және 2 000 метрге жүгіру. Кейбір жеткіншектердің әскери мектепке жете дайындалғаны байқалады. Сондықтан болар, көрсеткіш бойынша «үздік» деген бағадан асып түсіп, нормативтерді қиналмай тапсыруда. Оқуа түсер кезде қосымша ұпайлар берілетін бірқатар оқуға түсетіндер санаты бар екенін айта кеткен жөн. «Бізде бірінші кезекте жетім балаларға, қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған әскери қызметшілердің балаларына, сондай-ақ, еңбек сіңірген жылы 10 жылдан асатын әскери қызметшілердің балаларына, халықаралық, республикалық, президенттік олимпиадалар мен әртүрлі байқаулардың жеңімпаздарына, үздік дипломы, сонымен қатар, әртүрлі спорт бойынша спорттық дәрежелері бар балаларға бонустық ұпайлар қосылады», - деп түсіндірді Хамит Байкенов. Іріктеудің әрбір кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат беріледі. Бұл ретте әскери мектеп басшылығы балалардың ата-аналарымен ұдайы өзара әрекет жасап тұрады. Оларға іріктеу ережелері мен барлық нюанстар түсіндіріледі. Нұсқаулықтың барлық қажетті құжаттамасы мен қабылдау ережелері ұсынылады. Одан басқа, емтихандардың өткізілу барысын қадағалайтын ата-аналардың ішінен 1-2 адам бөлінеді. Былтырғы жылы «Жас ұлан» мектебіне қабылдау ережелері өзгертілді. Сол уақыттан бастап оқуға жалпы білім беру мектебінің 9-сыныбын аяқтаған бозбалаларды қабылдайды.

Сонымен, әскери мектепке жасөспірімдер оқуға түсу үшін алдын ала дайындалып, барлығын ой елегінен өткізіп, саналы түрде келеді. 2015-2016 оқу жылында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі ұландардың мерейтойлық 15-ші шығарылымына өз есігін айқара ашқанын айта кетейік. Білім ошағының негізі қаланған сәттен бастап 15 жыл ішінде «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі 600-ден аса тәрбиеленушіні түлетіп ұшырды. Бүгінгі таңда «Жас ұлан» мектебінің көптеген бітірушілері әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсіп, Қарулы Күштерде және Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы мен өзге де елдердің әлеуетті құрылымдарында қызмет атқаруда. ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері болып табылады. Жоғары офицерлік атақтары мен мемлекеттік наградалары бар.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: