«Жас сақшы» полиция көмекшілеріне 5 күндік семинар басталды
Zakon.kz
Калаларда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицияларға қоғамдық көмекшілерді тарту облыс көлемінде аудан, қалалардан «Жас сақшы» жастар жасақтарына 500 жастардың тізімі жасақталды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, учаскелік полицияларға қоғамдық көмекшілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағытта бүгін «Жас сақшы» жастар жасақтарына 2016 жылдың 24–29 тамыз аралығында 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг жұмыстары Шымкент қаласынан басталды.
Барлық аудан, қалаларда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицияларға қоғамдық көмекшілерді тарту облыс көлемінде аудан, қалалардан «Жас сақшы» жастар жасақтарына 500 жастардың тізімі жасақталды.
Облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма тарапынан 500 жасқа арнайы логотип жазылған күртешелер және асылмалы былғары сөмкелер және оларға қызметтік куәліктер берілетін болады.
Жас сақшы полиция қоғамдық көмекшілері ішкі істер органдарының жұмысының қыр-сырымен таныстыру, білім деңгейін көтеру бойынша бес күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг енді Түркістан қаласында, Сарыағаш, Мақтарал, Сайрам аудандарында бастау алады.
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript