ОҚО-да «жас сақшы» атты бес күндік семинар басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 21:01 Zakon.kz
Шымкенттен бастау алған 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг барысында қоғамдық көмекшілер ішкі істер органдарының жұмысының қыр-сырымен танысып, білім деңгейін көтеретін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында полицияларға тартылған қоғамдық көмекшілер үшін «Жас сақшы» жастар жасақтарының 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг жұмыстары басталды, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Облыс әкімінің тапсырмасына орай, жыл басынан бері облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі аудан және қалаларда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицияларға қоғамдық көмекшілерді тарту мақсатында 500 жастың тізімі жасақтаған болатын.

Облыс әкімдігінің қолдауымен жасақталған бес жүз жасқа арнайы логотип жазылған күртешелер мен асылмалы былғары сөмкелер және оларға қызметтік куәліктер берілетін болады. Шымкенттен бастау алған 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг барысында қоғамдық көмекшілер ішкі істер органдарының жұмысының қыр-сырымен танысып, білім деңгейін көтеретін болады. Аталған шара Сарыағаш, Мақтарал, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында жалғасын табады.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: