Арыс қаласында қоғамдық қабылдау өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.08.2016 16:15 Zakon.kz
Шаһар басшысы аталған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелер оң шешімін тапты.

«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы мен Арыс қаласының әкімі Сейіт Мырзақұлұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары өңірдегі елді елеңдетіп отырған мәселелерді ортаға салды. Әсіресе жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікті жүргізу, жер телімін алу сынды мәселелерге қатысты сұрақтар көп қойылды. Әрбір тақырыпқа жеке-жеке тоқталған сарапшылар, бұқара халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, заң төңірегінде де кеңестер берді. Ал жиналғандар өз өтініштерін «Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы мен Арыс қаласының әкімі Сейіт Мырзақұлұлына жазбаша білдірді.

Шаһар басшысы аталған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелер оң шешімін тапты. Болашақта Сейіт Мырзақұлұлы осы және осы сынды жайттарды назарында ұстайтынын жеткізді.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: