ОҚО-да «Білімді ел – Мәңгі ел» атты аудан педагогтарының тамыз кеңесі өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.08.2016 16:22 Zakon.kz
Кеңес соңында білім саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған педагог-ұстаздарға облыс, аудан әкімдерінің арнайы Алғыс хаттары табысталып, мұғалімдердің секция аралық тәжірибе алмасу дәрістерімен жалғасын тапты.

Кеңес жұмысы білім саласының бүгінгі тыныс-тіршілігі баяндалған көрмені аралаудан басталды. Мәжіліске аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, облыстық білім басқармасының бас маманы Перизат Әбдікерімқызы Бектаева, барлық білім беру мекемелерінің басшылары, мекеме, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ауыл әкімдері, ұстаздар қатысты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұстаздардың дәстүрлі бас қосуы барысында жаңа 2016-2017 оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалып, аудан әкімі Е.Айтаханов кеңес жұмысының ашылуымен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Құттықтау сөзінде аудан басшысы «Егеменді елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, мектептің жүрегі – мұғалім. Олай болса, қазіргі таңда мектепке білімді, Ахмет пен Мағжанның педагогикасынан сусындаған, жаңа оқу әдістемелері мен технологияларынан хабардар, шәкіртін бәсекелестік кеңістігіне шығара алатын білікті мамандар қажет. Ендеше, жаһандану дәстүріне әлемдік көштің алдыңғы қатарынан көріну, дамыған елдермен иық тірестіре алатын білім мен тәрбиені дамытуға барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет» деп, өскелең ұрпақ болашағы жолында бірге жұмыс жасауға шақырды.

Кеңес соңында білім саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған педагог-ұстаздарға облыс, аудан әкімдерінің арнайы Алғыс хаттары табысталып, мұғалімдердің секция аралық тәжірибе алмасу дәрістерімен жалғасын тапты.

Білімді ел озады

Ғылым көкжиегіне ғалымдар шоғырын қалыптастырған ұлылар елі – Отырар ауданының білім саласы бүгінгі таңда да біршама жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыруда. Әлемдік озық өркениеттен қалыс қалмаудың бірден-бір жолы – өскелең ұрпақтың білімді болуы. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Адамды адаммен теңестіретін – білім» демекші, ширек ғасырлық тарихы бар Егемен еліміздің тұңғыш Президенті білім саласына ерекше мән беріп келеді.

Осы орайда аудан әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасымен ауданымыздың білім саласы биылғы жаңа оқу жылына тас-түйін дайын. Ауданымыздың барлық білім беру мекемелері 100 пайыз оқулықтармен қамтылып отыр. Сондай-ақ, биыл мектеп табалдырығын аттағалы тұрған барлық 1-сынып оқушыларына Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Менің Отаным - Қазақстан» атты оқу құралы сыйға берілмек.

Күні кеше облыс орталығында өткен мұғалімдердің тамыз кеңесінде өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлы «Білім қашанда – адамзатқа ортақ игілік боп келген қазына. Ал, осы бір ұлы құндылықты бойға сіңіретін тұлға – мұғалім» деп, ұстаздардың еңбегін ерекше атап өткен болатын. Шындығында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздің білім саласы көптеген биіктерді бағындыра білді. «100 мектеп», «100 аурухана», «Балапан» бағдарламалары елдің көз қуанышына айналды. Мұндай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.




Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: