ОҚО әкімі израилдік инвесторлармен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.09.2016 18:47 Zakon.kz
ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемнің түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов облысымызға іскерлік сапармен келген израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, тараптардың өзара жиынында, АӨК және энергетика салаларына инновациялық технологияларды енгізу, «Сасықкөл» қоймасын тазалау және хауызын жаңарту мәселелері қаралды.

Айта кетейік, 20 жылдан астам уақыттан бері «YR-Mitrelli Group» компаниясы денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика, білім беру, тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемнің түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.

"Жалпы Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық, саяси және достық қарым-қатынастар жақсы дамыған. Сонымен қатар, алдағы жылдары Израиль мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты бұдан бетер нығайту жұмысы бірлесе отырып жалғасын табады деген үміттемін", - деді «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілі.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: