Ордабасыда мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлер жайы талқыланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.09.2016 15:53 Zakon.kz
Жиында Бөген ауылдық округінің әкімі Б.Шәмет қараусыз жатқан 295 гектар жердің егесін табу қиынға соғып жатқанын айтып, мекенжайын анықтай алмағандықтан ескерту де жолданбай отырғанын жеткізді.

Ордабасы ауданында нысаналы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөнінде жұмысшы топ құрылып, алғашқы мәжілісін өткізді. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Дүйсембаевтың мәлімдеуінше, ауданда пайдаланылмаған жер көлемі 7236 гектарды құраған. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Аудан әкімі А.Мамытбеков бұл деректі статистика басқармасы мен кірістер басқармасының көрсеткіштерімен салыстыруды ұсынды. Сонымен қатар, бүгінге дейін ескерту жолданған, соған қарамастан жерді пайдаланбаған азаматтардың тізімін нақтылап, жерді мәжбүрлеп қайтару үшін құжаттарды сотқа жолдауды тапсырды.

Жиында Бөген ауылдық округінің әкімі Б.Шәмет өз аумағындағы қараусыз жатқан 295 гектар жердің егесін табу қиынға соғып жатқанын алға тартып, мекенжайын анықтай алмағандықтан ескерту де жолданбай отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде, Алмасбек Кеңесбекұлы ауыл әкімдеріне халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгініп, түгендеу жұмысын жүргізуді жүктеді.

Мұнан соң, отырыс барысында аудандық прокуратураның прокуроры С.Сапарымбетов 2015 жылы жолданған ескерту хаттарының нәтижесін шығаратын мерзімнің жеткенін тілге тиек етті.

Жиын соңында жұмысшы топ мүшелерімен аптасына бір рет жиын өткізіп, атқарылған шараларды саралап отыру келісілді.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: