Елiмiзде түрмеден шыққандардың 27%-ы қайта қылмыс жасайды – IIМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.09.2016 20:40 Zakon.kz
Былтыр 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейiн елiмiзде 16 мың адам түрмеден босап шықты. Сол 16 мыңның 11 мыңы пробация қызметiне барып тiркелдi, кейін барлығы жұмысқа орналасты.

Елiмiзде түрмеден шыққандардың 27%-ы қайта қылмыс жасайды, ал пробация қызметiне тiркелгендердің 0,5 пайызы ғана екінші қайтара қылмысқа барады. Бұл туралы елордада өткен дөңгелек үстел барысында ҚР IIМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Былтыр 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейiн елiмiзде 16 мың адам түрмеден босап шықты. Сол 16 мыңның 11 мыңы пробация қызметiне барып тiркелдi, кейін барлығы жұмысқа орналасты. Ал сотталған 5 мың азамат өз жазасын толық өтеп шықты. Жалпы, түрмеден шыққандардың 27 пайызы қайта қылмыс жасаса, пробацияда тұрғандардың 0,5 пайызы ғана екінші қайтара қылмыс жасайды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Ұлыбританияда сотталғандардың 45 пайызы қайта қылмыс жолына түседi», - дейдi М.Аюбаев.

Оның айтуынша, бүгiнгi стратегиялық жобаның мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жазасын өтеп шыққандарға, бiрiншiден, үй-жайын қарастыру, екiншiден, жұмыспен қамтамасыз ету, үшiншiден, асқынған аурулары бар азаматтардың денсаулығын арнайы мекемелермен бiрге қадағалау.

«Бiзде пробация қызметi, әлеуметтiк орган қызметкерлерi бар. Олардың мақсаты – сотталып шыққан адамдардың қайтадан қылмысқа баруына жол бермеу, соның алдын алу», - дедi М.Аюбаев.

ҚР IIМ мәлiметiне сүйенсек, қылмыстық саясатты реформалау және ізгілендіру саласында мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында тұтқындар саны жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен, 2015 жылы ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар саны 39945 (2014 жылы – 47939, 2013 жылы - 49821) адамды құрады. Сотталғандарды жұмыспен қамтуға қатысты шаралар қолданылып жатыр. Қазіргі кезде кәсіпкерлердің 170 субъектісінен астамы бас бостандығынан айыру орындарында өндірістік қызметті жүзеге асырады, онда 2284 сотталған жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде 57 жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді, онда шамамен 3,5 мың адам білім алуда. Мекемелерде 47 кәсіби колледж жұмыс істейді, онда 35 жұмысшы мамандығы бойынша (дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, сылақшы және т,б.) 3,5 мың тұтқын білім алып жатыр.

Атап өтсек, бүгiн ҚР Ішкі істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірігіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясының жобасын таныстырды.

Фото: www.ukrinform.ua

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: