Қарағанды шахтасында апат болып, 3 кенші қаза тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.11.2016 16:20 Zakon.kz
Апат себебі комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады
Қарағандының Саран қаласындағы шахтада болған апат салдарынан 3 адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды B.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында орын алған қайғылы оқиғадан 8 адам жапа шеккен. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жол үзіліп кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр, тағы үшеуі орташа деңгейдегі жарақат алған.

«Оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайды. Апат себебі комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Компания басшылығы қайтыс болған кеншілердің отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.

Авторы: Жібек Мұқашева

Фото: Baq.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: