Лента новостей
0

Мал базарына барған үш азаматты өлтірген күдіктілерге қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.11.2016 20:50 Zakon.kz
Сотқа күдікті ретінде Бақыт Байқамысов есімді малшы да шақырылған.
Ұзынағаштағы мал базарына барған үш азаматты өлтірген күдіктілерге қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті. Ал, үш ағайындыны атып өлтірді деген екеу болса өздерінің қылмыстық істерін сот алқасының қарағандарына қарсылық білдірді. Күдіктілер тек бір судьяның істі жүргізіп, үкім шығарғанын қалаған. Олардың не себепті сот алқасынан бас тартып, бір суьдяны таңдағандары белгісіз. Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық сотында осы қанды оқиғаға қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті. Тергеу абақтысына қамалған Мұрат Оңалбаев пен Талғат Сүлейменовке қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша ауыр айып тағылған, деп жазады Алматы телеарнасы.

Яғни оларға заңсыз атыс қаруын сақтаған, алып жүрген, алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде қарақшылық шабуыл жасаған және алдын ала адамдар тобын құру арқылы бірнеше адамды қасақана өлтірген деген айыптар тағылып отыр.

«Бұл кісілер қаралы, жүректері ауру. Барлығын жеткізгісі келеді. Бірақ бұл кісілер айтады, алдын ала тергеу кезінде қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды тексермеді дейді. Қылмысқа екі немес үш адам ғана емес, басқада адамдар бар деп ойлайды», - деді жәбірленушілердің адвокаты Мұхтарима Карбанова.

Сонымен қатар, сотқа күдікті ретінде Бақыт Байқамысов есімді малшы да шақырылған. Оған оқиғаны білсе де қылмысты жасырған, қорғау органдарына айтпаған деген айып тағылып отыр. Ал, жәбірленушілер үш ағайындыдан малды сатып алмақ болып оларды иен далаға алдап апарған Данияр Сүлейменов және бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген мылтықтың иесі Жанай Сүлейменов те жазаға тартылу керек деп санайды. Келесі сот процесі 17 қарашада жалғасады. Адвокаттың сөзінше, істі тәжірибелі судья Мухидин Тохтахунов қарайды. Естеріңізде болса, 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан 40 бас ірі қараны тиеп, Ұзынағаштағы мал базарына барған үш ағайынды сол қалпы үйлеріне оралмаған еді. Бірнеше күн өткен соң олардың өлі денелері Ұзынағаш ауылынан 200 шақырым қашықтықта табылды. Ал, арада бір апта өткен соң ғана екі күдікті құрықталған еді.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: