Лента новостей
0

Қазақстан туралы арнайы қосымша шетелдіктерді тәнті етуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 22:02 Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің сайтынан 15 мыңнан астам адам қараған.
Қазақстан туралы арнайы қосымша тек отандастырымызды ғана емес, шетелдіктерді де тәнті етуде. Қолданысқа берілгелі оны 5 мыңнан астам адам телефондарына жүктепті, деп жазады Алматы телеарнасы.

Ал, Ішкі істер министрлігінің сайтынан 15 мыңнан астам адам қараған. «Қазақстан - Ұлы дала елі» қосымшасы еліміз туралы мағлұмат беретін нағыз энциклопедия. Мұнда география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптар қамтылған. Арнайы қосымша Қазақстанға іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен іскерлік топтардың өкілдері үшін таптырмас құрал. Тұтынушылар пайдалы ақпараттарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқи алады.

«Арнайы қосымшаның көлемі өте үлкен, шамамен 1 гегабайтты алады. Дегенмен, мұнда Қазақстан туралы барлық маңызды ақпараттар жинақталған. Тас дәуірінен басталған қатпарлы тарих, қазақ мәдениеті, өнері, тарихи тұлғалары мен жеткен жетістіктері туралы мәліметтер қамтылды. Қосымша жоғары сападағы әртүрлі фотосуреттер мен 3Д картамен безендірілген», - деді «Қазақстанның ғаламтор қауымдастығының» жетекшісі Шавкат Сабиров.

Фото: www.almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: