Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартын сақтауы
Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2014 жылғы 4 ақпандағы №34 өкімімен Қазақстан Республикасы соттарының қызметкерлері мінез-құлқының стандарттарын бекітілді.
Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары орындаудың бірінші реформасы Мемлекетті кәсібилендіру яғни, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы реформаның жеті бағыты мемлкеттік қызметке орналсу тәртіптерімен мемлеекттік қызметшілердің жүріс-тұрыс барысы, тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары нақтыланып жоспарланғандығын айқындайды.
Демек, «бесіншіден, шенеуніктер ортасында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң шаралар қарастырылғандығы.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалыптары регламенттелген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі жасалды.
Сондай-ақ, жаңа институт – этика бойынша өкілетті өкілдер институтын құру көзделіп отыр. Олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін болады» - деп көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды, - дейді Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің) бас маманы Е.Сапарханұлы
Мемлкеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жалпы стандарттары негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілді.
Осы кодекс мемлекеттік қызметшілер қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.
Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған негіздермен жұмыс атқару қажеттігі түсіндіріліп отыр.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2014 жылғы 4 ақпандағы №34 өкімімен Қазақстан Республикасы соттарының қызметкерлері мінез-құлқының стандарттарын бекітілді. Аталған өкім мінез-құлық стандарты сот жүйесінің беделін және азаматтардың оған сенімін нығайтуға ықпал етуге, сот қызметкерлерінің өздернің лауазымдық міндеттерін орындауының тиімділігін арттыруға сот қызметкерлерінің адамгершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық тәртібін қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ қызметінде және қызметтен тыс уақытта олардың құқықтық санасы мен өзін-өзі бақылау институты болып табылады.
Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі мемлекеттік қызметкерлері аталаған кодекспен таныстырылып, ол бойынша қызметшілерге тест түріндегі сұрақ-жауаптар қойылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жаңадан жұмысқа орналасқан сәттен бастап қызметкерлерді таныстыру тұрақты түрде орындау басшылыққа алынған.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартын сақтауы - әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде, ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге, олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға, құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға, өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеуі тиіс екендігін айқындайды. Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екндігін аңғартады.
Фото: www.m-astana.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript