Алматыда келімсектер жаппай дәрігерлердің қарауынан өтуі тиіс

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.03.2017 22:27 Zakon.kz
Өткен жылы 7000-нан аса мигрант тіркеліпті.
Алматыда келімсектер жаппай дәрігерлердің қарауынан өтуі тиіс. Еңбек мигранттары арасында туберкулез ауруының алдын-алу үшін, медиктер тексерісті құрылыс аумақтарынан бастады. Бүгінде Алматының Наурызбай ауданында жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары көп. Олар, флюрографиялық тексерістен өтіп, ақ халаттылардың кеңесіне жүгінді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Өткен жылы жас ауданда 7000-нан аса мигрант тіркеліпті. Оның 3000-ы құрылыста жұмыс істейді екен. Акцияны ұйымдастырушылар былтырғы медициналық тексеріс кезінде аталмыш ауданнан 7 келімсектен өкпе құрт ауруын анықтаған.

«Еңбек мигранттары арасында анықталған туберкулез ауруы болса, олар біздің мемлекетімізде тегін емделуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, өз отандарында ары қарай емделулерін жалғастыруларына болады. Тегін емделуге 20 мың теңге сертификат беріледі, ол азық-түлік алуға. Ал, ішкі мигранттарға есепшоттарына ақша аударылады. Соның арқасында олар тегін ем алады. Бұл емделу 3 ай көлемінде өтеді»,- деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы Әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Еркін Сыдықов.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, өкпе құртының алдын-алу мақсатындағы медициналық тексеру қазір ел көлемінде өтіп жатыр. Алматы қаласындағы «Забота» дағдарыс орталығы қаладағы барлық құрылыс аумақтарында жұмыс істеп жүрген келімсектерді тексеріп шықпақ. Ал, 15 наурыздан бастап барахолкадағы саудагерлерді қарауды жоспарлап отыр. Орталық басшылығының сөзінше, Қазақстан аумағында заңсыз нәпақа тауып жүргендер бұрын-соңды мүлдем тексерістен өтпеген екен. Сондықтан, мигранттардың көпшілігі туберкулезге шалдыққанын білмейтін көрінеді.

«Өткен жылы біз 502 адамды тексерістен өткіздік. Олардың орнында туберкулез ауруына күдік болып, қосымша тексеріске жөнелтілді. Ал, 26 сыртқы мигранттан өкпе құртын анықтадық. Қазір солардың үшеуі ем қабылдап толық жазылды. Қалғаны ем қабылдап жатыр, кейбірі елдеріне кетті»,- деді «Забота» кризистік орталығының директоры, Ұлжан Лұқпанова.

Фото: zg-clinic.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: