Ақтау базарындағы пальтоны көпе-көрнеу ұрлап кеткен әйел полицияға өзі келді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.03.2017 22:34 Zakon.kz
Әйелге 1000 айлық есептік көрсеткіш (2 миллион 269 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады.
Ақтаудағы “Олжа” базарында манекенде ілініп тұрған пальтоны ұрлап кеткен әйел, кінәсін мойындап полицияға келген. Бұл туралы stan.kz, облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Клиенттің жоқтығын және сатушының назар аудармаған сәтін пайдаланған әйел, 30 мың теңге тұратын пальтоны ұрлап, оқиға орынынан қашып кеткен.

“Ұрлаған әйел өзі келіп берілгеннен кейін іздеу шаралары тоқтатылды. Оның әрекетіне қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды”, – деп хабарлады ІІД.

Енді әйелге 1000 айлық есептік көрсеткіш (2 миллион 269 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетсек, оқиға 2017 жылдың 20 ақпанында болған.

Фото: lada.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: